
Адам папиллома вирусы (АПВ) – ерлер мен әйелдерге әсер ететін қатерлі ісіктердің дамуына әкелуі мүмкін ең көп таралған вирустық инфекция.
Жатыр мойны обыры жағдайларының басым көпшілігі (95% астамы) адам папиллома вирусынан туындайды. Қыздардың тиісті жастағы АПВ-ға қарсы жасалған вакцинациясы кейінгі уақытта ауыр инфекциядан қорғайды.
Жатыр мойны обырының алдын алу мақсатында 11-13 жастағы барлық қыздарға АПВ-ға қарсы екпе алу ұсынылады.
Адам папиллома вирусына қарсы екпе – бұл АПВ вирусын жұқтырудан қорғанудың қауіпсіз және тиімді әдісі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1012311?lang=kk

Жауап қалдыру