Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық 2025 жылдың алғашқы бес айындағы жұмысты қорытындылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

дам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта Омбудсмен аппараты мен өңірлік өкілдіктердің қатысуымен 2025 жылдың бес айындағы жұмыс қорытындысына арналған отырыс өтті.

⏩Есептік кезеңде құқық қорғау институтына азаматтардан келіп түскен өтініштер саны 35%-ға өсіп, 3,5 мыңнан асты. Азаматтар көбінесе сотталғандардың құқықтарының бұзылуы, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының әрекеттері және сот актілерімен келіспеу мәселелері бойынша шағымданған. Өтініштерді қарау нәтижесінде 30 тұлға тәртіптік жауапкершілікке, 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 қылмыстық іс тіркелді. Уәкілетті органдарға 65 ұсыным жолданды.

🔵Азаматтарды жеке қабылдау форматы белсенді қолданылып келеді: бес ай ішінде 1 365 қабылдау жүргізілді, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Қабылдауға келгендер, негізінен, сот шешімдерімен келіспеу және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүгінген. 1 045 қабылдау барысында құқықтық және кеңес беру көмегі көрсетілді.

🔵Есептік кезеңде Уәкіл өкілдері тарапынан мекемелер мен ұйымдарға 252 бару ұйымдастырылды. Жүргізілген талдау бірқатар жүйелі проблемалардың сақталып отырғанын көрсетті: медициналық қызметтердің қолжетімсіздігі, санитарлық жағдайдың нашарлығы, ғимараттарды жөндеудің қажеттілігі, өтініштерді беру үшін арналған электронды терминалдардың дұрыс жұмыс істемеуі және сотталғандарды жұмысқа орналастырудағы қиындықтар.

🔵Тексеру нәтижелері бойынша 786 ұсыным беріліп, оның 454-і немесе 58%-ы орындалды. 122 қызметкер тәртіптік, 38-і әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 қылмыстық іс тіркелді.

🔵Отырыс барысында өңірлік өкілдіктердің жұмыс тиімділігін арттыру және өңірлердегі бұзушылықтарға жедел әрекет ету мәселелері бойынша ұсыныстар қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1016211?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді