
Бүгін Сандықтау ауданы әкімінің орынбасары Сәуле Жайылғанованың төрағалығымен әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Отырыс жұмысына комиссия мүшелері, Аналар кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ауданның мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында балалары бар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау шараларын іске асыруға қатысты мәселелер қаралды. Сандықтау ауданында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларына ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1016483?lang=kk

Жауап қалдыру