
Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет автомобиль жолдары құрылысының сапасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізуде.
Бүгінгі таңда өңірде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 15 автожолға мониторинг жүргізілуде.
Мәселен, «Астана – Қорғалжын» Республикалық маңызы бар автожолдың көшпелі мониторингі Ұлттық жол активтері сапасы орталығының өкілі және тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақмола филиалының қатысуымен жүзеге асырылды.
Мониторинг нәтижелері бойынша осы учаскеде негіздің қайта өңделетін қабатының сдысуы және ішінара бұзылуы анықталды.
Анықталған кемшіліктерді жою барысы департаменттің және аймақ жұртшылығының бақылауында.
Мониторингтік топ объектілерді салу және қайта құру толық аяқталғанға дейін оларға үнемі баратын болады.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/1016535?lang=kk
Жауап қалдыру