Ақтау қаласының АХАТ бөлімі жаңа мекенжайға көшті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы хабарлайды: 2025 жылғы 12 маусымнан бастап Ақтау қаласының Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі (АХАТ) азаматтарды жаңа мекенжай бойынша қабылдайды:

Ақтау қаласы, 34-шағынаудан, 9-ғимарат, Достық үйі, 1-қабат.

Бұған дейін АХАТ бөлімі келесі мекенжайда орналасқан болатын: Ақтау қаласы, 14-шағынаудан, 71-ғимарат, Некелесу сарайы.

 Жаңа мекенжайда азаматтық хал актілерін тіркеудің барлық қызметтері көрсетіледі. Олардың қатарында: туу, неке қию, неке бұзу, әке болуды анықтау, есім өзгерту, қайтыс болу және басқа да актілерді тіркеу қызметтері бар.

 Азаматтарды қабылдау уақыты:

Дүйсенбі – жұма: 09:00 – 18:30

Түскі үзіліс: 12:30 – 14:00

Сенбі және жексенбі – демалыс күндері

 Маңғыстау облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы көшуге байланысты туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және тұрғындарға түсіністік танытқандары үшін алғыс білдіреді.

 

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1016455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді