Ақтауда түбі бір түркі жұртының фольклорлық туындылары шырқалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ақтауда 11 маусым күні фольклорлық ансамбльдер мен халық аспаптарында орындаушылардың халықаралық фестивалі өтті. Теңіз жағасында ұйымдастырылған мәдени шарада 150-ге жуық әртіс өнер көрсетті.
Әр ансамбль өз туындысын орындамас бұрын, Маңғыстау жұртының ерекше қонақжайлығын атап өтіп, жылы лебізін жеткізді. Барлық ансамбльге ұйымдастырушылардың атынан арнайы сыйлықтар табысталды. Шараға Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов қатысып, еліміздің басқа өңірлерінен және шетелдерден келген фестиваль қатысушыларына алғысын айтты.

-«Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасы аясында көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Оның ішінде фольклорлық және халық аспаптарында орындаушылар фестивалінің орны ерекше. Себебі әр халықтың өз ерекше аспабы бар. Бүгінгі фестиваль түбі бір түркі халықтарының ортақ мәдениетін насихаттайтын мереке. Атадан қалған асыл өнерді өз сүйіспеншілігімен дәріптеп келе жатқан барлық орындаушыларға алғысымды айтамын, – деді Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов.

«Абай» мәдени-демалыс кешені басшысының орынбасары Маргарита Омарова фестивальге қандай ансамбльдер қатысқандығын айтты.

-Фестивальге маңғыстаулық ансамбльдермен қатар шетелден және еліміздің өзге өңірлерінен келген 8 ансамбль қатысты. Атап айтқанда, Қызылорда облыстық филармониясы «Қорқыт сазы» қобызшылар, Атыраудан «Сармад» этно-фольклорлық ансамблі, Өзбекстаннан «Согдиана» камералық оркестрі, Қырғызстан елінен «Акак» фольклорлық, Якутиядан «Нам кылыһах» фольклорлық, Иран ұлттық «Сарафшан» этно, Маңғыстаудан «Ақшағыл» және «Ақтау сазы» фольклорлық ансамблі қатысты. Жалпы шарада 150-ге жуық әртіс өнер көрсетті, – деді «Абай» мәдени-демалыс кешені басшысының орынбасары Маргарита Омарова.

Айта кетейік, амфитеатр сахнасында 12 маусым күні вокалды-инструменталды ансамбльдер фестивалі және 13 маусымда аталан фестивальдердің гала концерті ұйымдастырылады.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1016254?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді