
Ақтөбеде Орталық саябақтағы басты Ту тұғыр алаңында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Шараға облыс және қала басшылығы, мәслихат депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, жастар ұйымдары мен қала тұрғындары қатысты.
Қатысушылар Қазақ камералық хоры және эстрадалық үрмелі аспаптар оркестірінің сүйемелдеуімен Әнұранды орындап, Мемлекеттік Туы салтанатты түрде көкке көтерілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-aktobe/press/news/details/1012374?lang=kk
Жауап қалдыру