
Асыл мұра» халықтық би ансамблі Ташкенттегі халықаралық байқаудан жеңіспен оралды!
4-22 жастағы өнерпаздарымыз 5 би нөмірімен көз тартып:
4 Гран-при және 1 бірінші орын иеленді!
Ансамбль жетекшісі Дина Орманшина:
«Әр қозғалысымызға жанымызды салдық.»
Инкар Доскенова, үлкен топтың қатысушысы:
«Мен халықаралық байқауға төртінші рет қатысып отырмын, бірақ әр жолы қобалжимын. Бұл жолы ұлттық биімізді үлкен мақтанышпен орындап, лайықты түрде Гран-при иегері атандық!»
Шын жүректен құттықтаймыз! «Асыл мұра» – бұл әр қимылдағы халқымыздың жаны!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/culture-kokshetau/press/news/details/1015945?lang=kk

Жауап қалдыру