
Атырау облысында 2025 жылдың 7-10 маусым аралығында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ономастика басқармасы мен Қазақстан ономаст ғалымдарының қоғамдық бірлестігі «Ономастар одағы» және жергілікті басқару әкімдіктері бірлесе отырып еліміздің жалқы есімдерін реттеу бойынша «Қазақстан ономастикалық атауларын тарихи-диахрониялық әдісті қолдану арқылы жүйелендіру» тақырыбы аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Экспедиция мақсаты – Республикадағы ономастикалық атауларды ретке келтірудің негізгі ғылыми дәйектерін басшылыққа ала отырып, елді мекен атауларына қатысты тарихи деректерді ғылыми айналымға түсіру және тарихи ономастикалық атауларды қалыпқа келтіру, жүйелендіру.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстан жер-су атауларын диахрониялық әдіс арқылы ғылыми-зерттеу жобасының жетекшісі, «Ономастар одағының» басқарма-төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлнар Шияпқызы Бекенова мен Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы география және су қауіпсіздігі институтының ғылыми қызметкері, география ғылымдарының магистрі Тоғыс Мәулен Мырзағұлұлы бастап, облысымыздың 7 ауданы мен 1 қала басында ғалымдар, өлкетанушылар мен көнекөз ақсақалдарымен кездесіп, құнды пікірлер жинады.
Бүгін Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында қорытынды жиын өтіп, жыл бойына жұмыстар жалғасын табатын болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-madeniet/press/news/details/1016188?lang=kk

Жауап қалдыру