
VIІІ – шақырылған Күршім аудандық мәслихатының кезекті отыз тоғызыншы сессиясы 2025 жылдың маусым айының 23 күні сағат 10-00-де Күршім ауылында, аудан әкімдігінің ғимаратында өтеді.
Күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылады:
- Күршім ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі.
Күршім ауданының әкімі – М. Альбеков.
- Аудандық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар, агроөнеркәсіп кешені, экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы.
Тұрақты комиссиясының төрағасы – Д. Қатанов.
- Балықшы, Сарыөлең ауылдық округі әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау жөніндегі есептері.
Ауылдық округ әкімдері.
- Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының 2024 жылы ауданда атқарылған жұмыстары және 2025 жылы койылатын міндеттері туралы.
ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. – М. Кенжеқанов.
- 5. Әр түрлі мәселелер.
Тұрақты комиссиялар отырысы сағат 08-30 – да.
Күршім аудандық
мәслихатының төрағасы К. Бахтияров
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchum-maslihat/press/news/details/1015872?lang=kk
Жауап қалдыру