АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 36 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС 36 СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы шақырылды. Сессия отырысы ЗУМ бейнеконференциялық байланыс ұйымдастырылды.

Сессияға депутаттардан бөлек аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, кент және ауылдық окург әкімдері, тиісті сала басшылары, аудан әкімдігі мен мәслихат аппаратының жауапты қызметкерлері қатысты.

Сесссия жұмысына аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Есназар Алмас Зейноллаұлы төрағалық етті.

Сессияның күн тәртібіне төмендегідей мәселелер ұсынылды:

  1. «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 159 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Сырдария ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2025 жылғы 27 ақпандағы № 178 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Сырдария ауданының учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №76 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

         Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бойынша аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Беркінбаев Ердос Сәрсенбекұлы, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ахетов Ерлан Дәуітбекұлы, аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Қонақбай Гаухар Темірбекқызы өз хабарламаларын жасады.

Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тауып, шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-syrdarya/press/news/details/1016540?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді