
11.06.2025 жылы орта білім беру ұйымдарының педагогтері үшін «Инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша курстық даярлық шеңберінде СҚО БССҚД бас маманы К.Б. Нұртаева «Білім беру ұйымдарында үлгерімге ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің үлгілік қағидалары» атты дәріс-практикалық сабақ (ДПС) өткізіп, облыс педагогтерімен кездесті. Аталған курсқа әр түрлі пәндердің мұғалімдері қатысуда.
Кездесу барысында тыңдаушылардың назары білім беру ұйымдарында үлгерімге ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу кезінде департаменттің бақылау іс-шаралары барысында жиі кездесетін бұзушылықтарға аударылды. Рефлексия кезеңінде мұғалімдерге сұрақтарға жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/1016055?lang=kk

Жауап қалдыру