
Абай облысының білім басқармасына қарасты Инновациялық-әдістемелік орталығының тәрбие бөлімінің ұйымдастырумен 30 мамыр күні Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған “”Біртұтас тәрбие тарландары байқауына қатысып,үлкенәсер алдым.Бұл байқауға әр ауданнан іріктеліп шыққандар келді.Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезең ” Мен – тәрбие шамшырағымын ” өзін-өзі таныстыру.ІІ кезең “Ыстық қайрат,Нұрлы ақыл.Жылы жүрек” инновациялық әлеуметтік жоба жұмысы. ІІІ кезең Сұрақ-жауап сессиясы.Осы байқаудың алдында ауданның үздік әдіскерлерін марапаттады.Сол марапатқа лайықты болып біздің аудандық білім бөлімінің әдіскері Амреева Алтын Ералиевна болды.Табанды еңбек пен шығармашылығы үшін “Біртұтас тәрбие шамшырағы” кубогы табысталды.Алғыс хат пен кітапты сыйлыққа берді.Осындай шуағын шашып еңбек етіп жүрген әріптесіме толағай табыстар мен биік белестер тілеймін.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagoz-roo/press/news/details/1016510?lang=kk
Жауап қалдыру