Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында.
2025 жылғы 3 маусымда Бұланды ауданының прокуроры Ә. Омаров Макинск қаласының әкімі М.Хамитовпен бірге, мемлекеттік меншікке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Макинск қаласының су құбыры желілерін қайта құру» құрылысы барысымен танысты.
Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 606,4 млн теңге бөлінген.
Бұл 2-жылдық жоба Макинск қаласының тұрғындарын ауыз суымен қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 62% аяқталды.
Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда.
Ақмола облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1012590?lang=kk

Жауап қалдыру