
Ағымдағы жылдың 3 маусымында Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы аудандық прокуратура және емхана өкілдерімен бірлесіп «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан денсаулық сақтау нысандарына жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында аудан әкімі Өтеміс, Оразақ, Шалқар, Мәншүк Мәметова, Жалғызқұдық және Рахымжан Қошқарбаев ауылдарындағы жаңа медициналық нысандардың құрылысын аяқтау және оларды жабдықтау жұмыстарымен танысты.
Әрбір нысанда материалдық-техникалық базаның жағдайы, санитарлық және құрылыс нормаларына сәйкестігі, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы жан-жақты тексерілді. Инженерлік желілердің жай-күйіне, медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және пациенттерді қабылдауға арналған жағдайларға ерекше назар аударылды.
Мердігер ұйымдардың өкілдерімен және медицина қызметкерлерімен өткен кездесулер барысында жабдықтарды жеткізудегі кідірістер мен іргелес аумақтарды абаттандыру қажеттілігі сияқты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Аудан әкімі нысандарды аралау қорытындысында тиісті сала мамандарына және мердігерлерге жұмыстарды уақытында әрі сапалы орындау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/1012420?lang=kk
Жауап қалдыру