Экология және ұлттық дәстүр: елордалық мектеп лагерінде «ЭКО-ДӘСТҮР» шарасы ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы Ілияс Есенберлин атындағы №67 гимназия жанындағы жазғы мектеп лагерінде этномәдени-экологиялық бағыттағы «ЭКО-ДӘСТҮР» алаңы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларды этномәдени құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерге баулу, патриоттық тәрбие беру, сондай-ақ экологиялық сананы қалыптастыру.

«Бүгінгі іс-шараға 7 мен 15 жас аралығындағы 500-ден астам оқушы қатысуда. Жас ерекшелігі мен тақырыптық бағытқа байланысты 5 түрлі лагерь ұйымдастырылған. Біз балаларды ұлттық құндылықтармен, салт-дәстүрмен, мәдениетпен таныстырып жатырмыз. Мұнда «Атамекен» атты этно-киіз үй тігілген. Балалар – дәстүрлі қазақ киімінде, ұлттық ойындар бойынша жарыстар, музыкалық қойылымдар мен билер өткізіліп жатыр, сондай-ақ ұлттық тағамдардан дәм татуға болады. Екінші бағытымыз – экология.

Біздің гимназия «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсене қатысады. Оқушылар мектеп аумағын тазарту, көгалдандыру жұмыстарымен айналысады. Бізде жылыжай да бар, онда оқушылар жыл бойы өздері көкөніс өсіреді», – деді №67 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнәр Оңалбаева.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1016370?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді