
«ERTIS MEDIA» студиясында Halyq radiosy радиостанциясында «Химиялық улану: қалай тану және не істеу керек» тақырыбында эфир өтті. Эфирге Павлодар облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлімінің бас маманы Тоқтар Бектасов қатысты.
Эфир барысында спикер химиялық уланудың не екенін, оның белгілері қандай болатынын, зардап шеккен адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін және мұндай жағдайлардың алдын алу шараларын түсіндірді.
Сонымен қатар, химиялық заттармен байланыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, дер кезінде әрекет ету және медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1016107?lang=kk
Жауап қалдыру