
Енді көпқабатты тұрғын үйлерде ереже бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтамаған тұрғындарға айыппұл түріндегі жаза қарастырылған.
Айыппұл мөлшері:
– Кіреберісте темекі шегу – 58 000 теңге;
– Қоқысты есік алдына немесе контейнерден тыс жерге тастау – 78 000 теңге;
– Вандализм (қабырғаға жазу жазу, граффити салу, бүлдіру) – 197 600 теңге немесе 20 тәулікке дейін қамау;
– Түнгі уақытта тыныштықты бұзу (22:00–09:00):
•жеке тұлғалар үшін – 19 660 теңге,
•кәсіпкерлер үшін – 78 000 теңгеге дейін айыппұл;
– Кіреберіс дәлізге жеке заттар (велосипед, арба, қораптар және т.б.) қою – тыйым салынған, қайталанса – айыппұл салынады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1016394?lang=kk

Жауап қалдыру