Медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қарағанды облысының санэпидбақылау департаментінің ұжымы әріптесі – Асаёнок Наталья Борисовнаны құттықтайды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наталья Борисовна 1959 жылы Новосибирск облысының Кочков ауданындағы Жуланка ауылында дүниеге келген, 1974 жылдан 1978 жылға дейін Новосибирск медициналық училищесінде санитарлық фельдшер болып оқыған. Осыдан кейін зертханашы болып жұмыс істеді: 1978-1984 жылдары Наталья Борисовна Осакаров СЭС санитарлық-химиялық зертханасында жұмыс істеді, 1985-1997 жылдары бактериолог-зертханашы, ал 1997-2017 жылдары эпидемиологтың көмекшісі болды. Оның жалпы еңбек өтілі – 32 жылдан астам.

Құрметті Наталья Борисовна, осы мерекеде сарқылмас қуат пен зор денсаулық тілейміз. Сіздің өміріңіз қуанышты кездер мен жарқын әсерлерге толы болсын және күн сайын мол бақыт сыйласын! Құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-karaganda/press/news/details/1015868?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді