
Екі буын өкілдері полиция қызметінің түрлі қырларын талқылады.
– Ұрпақтар сабақтастығы – бұл өткен мен бүгінгі күннің, болашақтың арасындағы байланыс. Қызметке келгенде, бір нәрсені мәңгілік есте сақта! Сенің адал еңбегің Отанға қажет, саған ел азаматтарының тыныштығы мен өмірін қорғау, қызметтік міндеттерді шешу тапсырылды. Ақыл-ойың әрдайым сергек болуға тиіс, – деген сөздермен өз баяндамасын ішкі істер органдарының құрметті ардагері, отставкадағы полковник Қалий Қалияқпарович Смағұлов бастады.
Облыстық департамент бастығының орынбасары Жандос Орынбаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстелге Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Азат Сейілханов, ардагерлер мен жас полицейлер қатысты.
– Біздің басты міндетіміз – жас полицейлерді отансүйгіштік, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік, рухани дамуға ұмтылыс рухында тәрбиелеу, – деп атап өтті Жандос Орумбаев.
– Біз, аға буын полицейлері, жас тәртіп сақшыларына қажетті қолдау көрсетіп, бар күшімізді жұмсауға дайынбыз. Бар күшіміз бен тәжірибемізді, ақпараттық, құқықтық және ұйымдастырушылық ресурстарды біріктіре отырып қана, ІІМ жүйесінде кәсіби мамандардың жаңа буынын тәрбиелей аламыз, – деп толықтырды полковник Орынбаев.
Алдағы уақытта ішкі істер органдарының ардагерлері жас кадеттерге кәсіби бағдар беру экскурсиясын ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
Кездесу соңында жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктерін ардагер тәлімгерлер өз қолдарымен табыстады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1016509?lang=kk
Жауап қалдыру