Омарова Мария Нұрғалиқызы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Омарова Мария Нұрғалиқызы – Қазақстан тарихындағы Денсаулық сақтау жүйесін басқарған алғашқы әйел. 1951 жылы 1 наурызда Алматы облысы Көктал ауылында дүниеге келген. 1974 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын үздік бітіріп, 1983 жылы докторлық диссертациясын қорғады. Гигиена кафедраларында жұмыс істеді, 1999 жылдан – ҚР ДСӘДМ Денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары және ҚР Денсаулық сақтау істері агенттігінің төрағасы. 2000-2018 жылдары Х.Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығын басқарды.

300-ден астам жарияланымдар мен бірқатар әдістемелік ұсынымдардың авторы. “Құрмет” орденімен, Денсаулық сақтау үздігі атағымен және Қазақстан Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1016151?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді