
Отырар ауданында 4 маусым – ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Мерекелік шараға аудандық құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық төтенше жағдайлар қызметі, мемлекеттік қызметшілер, жастар, аудан тұрғындары қатысты.
Көпшілікке жігер сыйлап, қастерлі мерекенінің маңызын арттыруға бағытталған шарада мемлекеттік рәміздеріміз дәріптеліп, құрмет көрсетілді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің барлық өңірінде ту көтеру рәсімі өтіп келеді. Биыл еліміздің Рәміздері күні мерекесі аталып өтіп келе жатқанына 33 жыл толып отыр. 1992 жылдың қаңтарында Мемлекеттік ту, Елтаңба және Гимннің жобасын дайындау туралы байқау жарияланып, Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны, Мемлекеттік туы, мен Елтаңбасы бекітілді. Ал, 2006 жылы жаңа Әнұран қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1012398?lang=kk
Жауап қалдыру