Петропавл төрінде ұлттық рухтың жалауы желбіреді — асық ату мен бес асықтан Қазақстан чемпионаты өтеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 9–13 маусым күндері Солтүстік Қазақстан өңірі шын мәнінде рух пен дәстүрдің мекеніне айналғандай. Бұл күндері Петропавл қаласында қазақтың төл ойындары — асық ату мен бас асықтан ел чемпионаты өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінен (Шығыс Қазақстан облысынан басқа) келген таңдаулы спортшылар бір алаңда бас қосып, ұлттық мұраны дәріптейтін жарыстарда бақ сынауда.

Бұл тек жарыс қана емес — бұл ұлттық болмысты жаңғыртатын, халықтың жүрегінде мәңгілікке орныққан дәстүр мен өнердің нағыз мерекесі.

Солтүстік Қазақстан облысының атынан сынға түсіп жатқан алты сайыпқыран: Кенжехан Әкімжанов, Дамир Сүндетов, Қанат Жахин, Сәния Әскер, Сабина Ермағанбет және Камила Сексембай.

Әсіресе, ел намысын қорғап жүрген қос аруымыз ерекше назарда:
Сәния Әскер — V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы, Қазақстан құрамасының белді мүшесі
Камила Сексембай — 2024 жылғы Әлем кубогының чемпионы, ұлттық құрама сапында ойнайтын дарынды спортшы

Чемпионаттың салтанатты ашылуында СҚО-ның аға жаттықтырушысы Ағжан Сұрағанов “Асық ату спортының қайраткері” медалімен марапатталды. Бұл — оның ұлттық спортты дамыту жолындағы тынымсыз еңбегінің жарқын жемісі, лайықты бағасы.

Турнир соңында топ жарған жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және арнайы грамоталармен марапатталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sport/press/news/details/1015894?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді