Президенттің бастамасы және Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің жұмысы арқасында мемлекетке едәуір қаражат қайтарылды.
Бұл қаражат енді азаматтардың игілігіне жұмыс істеуде.
Республика бойынша прокуратура органдарымен мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Арнайы қордан 9 млрд теңгеден астам сома Ақтөбе облысына бағытталды.
Қаражат халықтың нақты қажеттіліктеріне бағытталған 12 әлеуметтік нысанның құрылысына инвестициялануда.
Ерекше назар ауылдық медицинаға аударылды.
Алға ауданының Маржанбұлак ауылында жаңа медициналық пункттің құрылысы басталды.
Жобаға 190 млн теңге бөлінген.
Бұл жергілікті тұрғындарды облыс орталығына бармай-ақ қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, облыстың тағы 10 ауылында жаңа медициналық мекемелердің құрылысы жүргізілуде, бұл ауылдық жерлерде медициналық қызметтерге қолжетімділікті айтарлықтай арттырады.
Барлық нысандарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
Бұл – ресурстарды әділ бөлудің, өмір сүру жағдайын жақсартудың және өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтудың нақты қадамдары.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-aktobe/press/news/details/1012557?lang=kk
Жауап қалдыру