Қайтарылған қаражат – ауыл тұрғындарының игілігіне!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, прокуратура органдарымен қайтарылған қаражат есебінен Байғанин ауданы Ноғайты ауылында (274 үй, 1443 тұрғын) 40 келушіні қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жақын арада ашылу жоспарлануда.

Аудан прокуроры нысанды аралап, құрылыс барысымен жеке танысты.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында ашылатын фельдшерлік-акушерлік пункт – халыққа дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету, дәрігердің тағайындауларын дер кезінде және толық көлемде орындау, алдын алу іс-шараларын, оның ішінде халықты иммундау және т.б. шараларды жүзеге асырады.  

Жалпы құрылыс және қаражатты жұмсау тиімділігі прокуратура органдарының бақылауында.

Қайтарылған активтер – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталуда.  

 

Байғанин ауданының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-baiganin/press/news/details/1016031?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді