
11 маусымда Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбайұлы Байбосынов ақпараттық кездесу өткізіп, келесі мәселелер бойынша мәлімет берді:
- 2025 жылғы Академияға қабылдау ережелеріндегі жаңалықтар;
- Алдыңғы жылдармен салыстырғандағы өзгерістер;
- Магистратура және докторантура бағдарламаларының ерекшеліктері;
- Кандидаттарға қойылатын талаптар, оның ішінде кәсіби тәжірибе, біліктілік және мотивация.
Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, Академияға түсуге қатысты өзекті ақпаратпен танысты.
Мемлекеттік басқару академиясы — нәтижеге бағытталған, заманауи басқару тәжірибесін меңгерген жаңа буын мемлекеттік қызметшілерді даярлайтын жетекші оқу орны болып қала береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shahtinsk/press/news/details/1016494?lang=kk
Жауап қалдыру