Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған форум

Жарияланды:

Автор:

категорияда

12.06.2025 жылы Павлодар облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық өкілдігінің бас маманы Н.Қ. Нұрғалиева Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған форум өткізуге қатысты. Аталған іс-шара Әділет департаменті, сот жүйесі, адвокаттар алқасы, заң консультанттары палатасы, партия өкілдері, билер кеңесі, оқытушылар құрамы мен облыстың оқу орындарының студенттері үшін диалог алаңына айналды. Өз сөзінде Н.Қ. Нұрғалиева омбудсмен институты қызметінің негізгі бағыттарын, адамның іргелі құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін түсіндірді, 2025 жылдың 5 айындағы өкілдік қызметінің көрсеткіштерімен таныстырды. Іс-шара сұрақжауапформатындағы диалогпен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1016332?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді