Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің циркулярына сәйкес облыс аумағында бір мезетте Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.

Өтеген батыр ауылындағы Мемлекеттік Ту тұғыр алаңында өткен салтанатты рәсімде Мемлекеттік Ту көтеріліп, әскери оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалды. Іс-шара барысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жергілікті тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздердің ел бірлігі мен тәуелсіздігінің символы екенін атап өтті.

Сонымен қатар Қонаев қаласының №5 жағажайында ретро автомобильдердің Мемлекеттік Тулармен шеруі ұйымдастырылып, флайборд спортынан шоу, сондай-ақ желкенді және екі моторлы қайықтардың қатысуымен әсерлі көріністер көрсетілді.

Кешкі уақытта қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мерекелік концерт өтті. Іс-шаралар мерекенің рухын көтеріп, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-sayasat/press/news/details/1012276?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді