
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай, Басқарманың қызметкерлері арасында тәуелсіздіктің белгісі – мемлекетіміздің рәміздеріне деген құрметті арттыру, азаматтық патриотизмді нығайту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер туралы» семинар ұйымдастырып өткізілді.
Семинар барысында 2007 жылғы 04 маусымдағы №258 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңының талаптары талқыланды және Қазақстан Республикасының рәміздерін өмірге әкелген ұлы тұлғаларымыздың өмірбаяны, еңбек жолдары, ерен еңбектері туралы презентация дайындалып ұсынылды.
«Мемлекеттік рәміздер күні» – ерекше дата. Көк байрағымыз бен елтаңбамыз, әнұранымыз – тарихымызды, мәдени мұрамызды, күшіміз бен болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын қасиетті нышаны және бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдыретті күнді атап өтуіміз шынайы патриотизмнің айқын көрінісі туралы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1012626?lang=kk

Жауап қалдыру