Шымкент қаласының су айдындарында қауіпсіздік мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жазғы шомылу маусымының басталуына байланысты Шымкент қаласында су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Мұндай шаралар судағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.

Кезекті рейд арнайы “ұшқышсыз ұшу құрылғысының” (дронның) көмегімен өткізілді. Бұл құрылғы шолу мүмкіндігін арттырып, рұқсат етілмеген аумақтардағы адамдарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік берді. Рейд барысында төтенше жағдайлар қызметкерлері тұрғындарға суда өзін-өзі ұстау ережелерін кеңінен түсіндіріп, шомылуға тыйым салынған жерлердің қауіптілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мұндай заңсыз әрекеттерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қарастырылғаны да ескертілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес, су көліктерін құтқару желетсіз басқарған екі азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 27 524 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Рейдтік іс-шаралар барысында қаладағы барлық аудандар қамтылды. Қаратау ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері Өтеміс каналы сынды су айдындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, “San City”, “Тұран парк”, “Сафари” аквапарктерінің құтқарушыларына судағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулық берілді.

Сондай-ақ, Әл-Фараби және Тұран ауданы ТЖБ қызметкерлерінің бастамасымен қаладағы “Mega Planet” және “Shymkent Plaza” сауда орталықтарының LED экрандарында және кинотеатрларында «Судағы қауіпсіздік» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетілуде. Бұл тұрғындар арасында ақпараттандыруды арттыруға бағытталған. Бұдан бөлек, Еңбекші және Абай аудандарының аумағында орналасқан су арналары  «Қошқар ата», «Қарасу» өзені, «Ақсай-Қарабастау» және «Жаңа шек» каналдарында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Мұндай профилактикалық шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Басты мақсат–азаматтардың  өмірі мен денсаулығын қорғау, су айдындарындағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1016382?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді