2025 жылғы 10 маусымда СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен Департамент пен аумақтық басқарма мамандарына арналған семинар өтті.
СҚО полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны З.С. Попова баяндама жасап, мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және (немесе) есірткілік, әрі (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуын, есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын медициналық көрсетілімсіз тұтынуын, сондай-ақ көлік құралын мас күйде басқаруын болдырмауға бағытталған алдын алу шаралары туралы айтты.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.М. Әріпхан Департамент пен оның аумақтық бөлімшелерінің сот тәжірибесіне жасалған талдаумен бөлісті.
Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.В. Барданова 2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша әкімшілік іс жүргізуге жүргізілген талдау және ӘҚБтК-нің 803-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібі жөнінде ақпарат ұсынды.
С.М. Барменбаев сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен Әдеп кодексінің сақталуы туралы еске салды.
Кездесу соңында қатысушылар пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Жауап қалдыру