
🔸 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Мұрат Байсалов жұмыс сапарымен Теректі ауданына барды.
🔹 Іс-сапар барысында мемлекеттік қызметті жетілдіру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және жастарды қолдау бағытында бірқатар мазмұнды кездесулер өтті.
🔸 Сапар аясындағы алғашқы шара – аудандық қоғамдық кеңес отырысы болды. Мұнда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды. Кеңестің мүшелері өзекті проблемалар мен ұсыныстарын ортаға салып, халықтың мемлекеттік аппаратқа деген сенімін нығайту жолдарын талқылады.
🔹 Келесі кезекте Департаменттің басшысы ауданның белсенді жастары және жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу барысында Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу шарттары, қатысу жолдары және мансаптық даму мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.
🖇️ «Президенттік резерв – жаңа буын басшыларын даярлауға бағытталған стратегиялық бастама. Мемлекеттік қызметке ұмтылған әр жас үшін бұл – үлкен мүмкіндік», – деп атап өтті Департаменттің басшысы Мұрат Байсалов.
🔸 Кеңейтілген форматтағы кездесу ауданның активімен өтті. Онда мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер, қызметтік әдеп нормаларын сақтау, кадрлық тұрақтылық және мемлекеттік аппараттың тиімділігі сынды тақырыптар қозғалды.
🔹 Кездесуге аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері, мемлекеттік қызметшілер, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, үкіметтік емес ұйым өкілдері және ауылдық округтер әкімдері қатысты.
🔸 Сапар соңында Департамент басшысы азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Қабылдауда тұрғындар мемлекеттік қызметке орналасу, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы, көрсетілетін қызметтердің сапасы сынды өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.
🔹 Әрбір өтінішке нақты түсініктемелер беріліп, жеке бақылауға алынатын мәселелер белгіленді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-terekty/press/news/details/1012447?lang=kk
Жауап қалдыру