Жарма ауданының мәдениет нысандарының жай-күйі тексерілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысынын мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы                        Жанжігіт Омархан жұмыс сапарымен Жарма ауданына келіп, мәдениет мекемелерінің жағдайымен танысты.

Іс сапар Шар қаласынан басталып Мәдениет үйінде жүріп жатқан күрделі жөндеу жумыстарын қарап шықты. Одан кейін 2021 жылы пайдалануға берілген Әуезов кентіндегі мәдениет үйіне және Шалабай ауылдық клубына барды. Сонғы нысанда бірқатар проблемалық мәселелер тіркелді — қазіргі уақытта клуб пен кітапхана екімдік гимаратында орналаскан. Осыган ұқсас жағдай Қалбатау ауылында да байқалды: орталық кітапхананың жеке ғимараты болмағандықтан, ол Жастар орталығының ғимаратында жұмыс істеуде. Аталған мәселелер басқарманын бақылауына алынды.

Сондай-ақ, бүгін Абай облысы аудандарының арасында «Абай елі — өнер кеніші» атты облыстық өркеменерпаздар байкауы басталды. Жанжігіт Абзалбекұлы Жарма ауданының орталығындағы Мәдениет үйінде өткен аталмыш іс шараға қатысып, қалбатаулык өнерпаздардын өнерін тамашалады.
Басқарма басшасының іс сапары бүгін түстен кейін Аягөз ауданында жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-cultura-arhiv/press/news/details/1016443?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді