
Бүгін аудандық мәслихаттың төрағасы Қоғамдық кеңес мүшесі және Макинск қаласының әкімімен бірге қаланың теміржолдан тыс бөлігіндегі Новоселово көшесіне жол жұмыстарымен айналысып жатқан мердігер ұйым өкілімен кездесу өткізді. Іссапар барысында жұмыстардың қазіргі қарқыны, қолданылып жатқан материалдардың сапасы және жобаның аяқталу мерзімі талқыланды. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстарға мердігер тарапынан жауаптар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bulandy/press/news/details/1015977?lang=kk

Жауап қалдыру