
13 маусымда Галина Николаевна Реммеле 70 жасқа толады.
Өмірінің көп бөлігін геология саласына арнаған.
1979 жылы техник-геолог мамандығы бойынша Щучинск политехникалық техникумды бітірді.1992 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау» мамандығы бойынша В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институттын тамамдады.
1976 жылдан 1996 жыл аралығында Көкшетау геологиялық барлау экспедициясында техник-геолог болып, одан кейін геолог болып жұмыс істеді.
1996 жылдан 2003 жыл аралығында «Недра» Геологиялық кәсіпорын ЖШС геолог болып аянбай еңбек етті.
2003 жылдан зейнетке шыққанша дейін «Кокшетаугидрогеология» АҚ геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық бөлімінің басшысы болып қызмет жасады.
Солтүстік аймақтың Геология ардагерлер кенесінің төрағасы, пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралык комиссиясының тәуелсіз сарапшысы, 10-нан астам пайдалы қазбалар мен жерасты суларының қорларын бағалау есептерінің авторы болып келеді.
Геологияның дамуына қосқан үлесі үшін Галина Николаевнаға «Жер қойнауын барлаудың үздігі» төсбелгісі атағын берді, көп жылғы жемісті еңбегі үшін геология саласында бірқатар алғыс хаттар мен құрмет грамоталары бар.
Галина Николаевна жұмысын жалғастыруда: дала жұмыстарын жүргізуде жас гидрогеологтарға кеңес береді, жобалар мен есептерді жазады, сараптамалық қорытындылар, геология саласын дәріптеу іс-шараларына қатысады. Кәсіби, өмірлік жағдай болса да, кез келген жағдайда көмектесуге дайын, адамгершілігі мол, мейрімді жан. Өзінің тәжірибесі мен білімін мамандармен, студенттермен, шәкірттермен бөліседі.
Галина Николаевнаны шын жүректен мерей тойымен құттықтаймыз! Оған және оның жақындарына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, алдағы уақытта кәсіби және шығармашылық шабыт, толайым табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-nkn/press/news/details/1017294?lang=kk
Жауап қалдыру