
Атырау облысы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Таишев Бердібек Еркінбекұлы және департаменттің білім беру қызметін лицензиялау бөлімінің басшысы Сәлімгерейқызы Айжан 2025 жылғы маусым айында Индер ауданына іссапармен барды.
Іссапар барысында білім беру ұйымдарындағы Әдеп жөніндегі кеңес төрағаларымен кездесіп, педагогикалық әдеп, құқықбұзушылықтардың алдын алу және кәсіби жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Индер ауданындағы “Жас өркен ” лагерінің жазғы маусымда оқушыларды қабылдауға дайындығымен танысып, санитарлық-техникалық жағдайлар мен қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-atyrau/press/news/details/1017362?lang=kk
Жауап қалдыру