2025 жылғы 2 маусымдағы жарияланымға қосымша ретінде, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Абылай хан даңғылының Манас көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі бөлігінде жоғарғы жол жабынын төсеу жұмыстары туралы хабардар етеді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 2 маусымдағы жарияланымға қосымша ретінде, Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Абылай хан даңғылының Манас көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі бөлігінде жоғарғы жол жабынын төсеу жұмыстары туралы хабардар етеді. Осыған байланысты, ағымдағы жылдың 4-7 маусым аралығында автокөлік қозғалысы толықтай жабылады. 

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 4 маусым күні сағат 22:00-ден 5 маусым күні сағат 13:00-ге дейін Абылай хан даңғылы мен И.Жансүгіров көшесінің қиылысы толығымен жабылады.
Автобус маршруттарының өзгеру схемасымен жоғарыда көрсетілген схемадан  танысуға болады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қозғалыс ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескерулерін сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ыңғайсыздықты азайту мақсатында уақытша жол белгілері мен көрсеткіштері орнатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uad/press/news/details/1012248?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді