
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бала – әлемнің ең нәзік те, ең қымбат сыйы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның басты мақсаты – ерекше күтімді қажет ететін балаларға қолдау көрсету, оларды қуанышқа бөлеу және қоғамның жылулығын сезіндіру болды.
Іс-шара «Кентау Болашағы Үшін» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, Кентау қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» және «Қоғамдық келісім» КММ Кентау қалалық филиалының қолдауымен өтті.
Шараға қатысқан қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова балалар мен ата-аналарды мерекемен құттықтап, оларға жарқын болашақ пен амандық тіледі.
Балалардың көңілін көтеруге бағытталған концерттік бағдарлама, түрлі ойын-сауықтар мен тарту етілген сыйлықтар іс-шараның көркін аша түсті. Балалар жүзіндегі шат күлкі мен ата-аналардың алғысы – мерекенің басты жетістігі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1017063?lang=kk

Жауап қалдыру