«Иппотерапия» тренингі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 12 маусымда сағат 15:00-де Петропавл қ. «СҚО әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» КММ Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында мүгедектігі бар адамдар арасында «Иппотерапия» тренингі өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы: «АРДОС – Жүрек» мүгедектер бірлестігі» ЗТБ. Иппотерапияның негізгі мақсаты-мүмкін болатын физикалық, психоәлеуметтік және жеке оңалту және мүмкіндігі шектеулі адамды бейімдеу. Иппотерапия емдік дене шынықтырудың бір түрі ретінде келесі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: – ауруға байланысты гипокинезияның теріс әсеріне қарсы тұру; – физикалық белсенділікті дамыту; – бұзылған функцияларды қалпына келтіруге ықпал ету; – кәсіби оңалтуды қамтамасыз ету, жаңа дағдыларды қалыптастыру немесе жоғалған дағдыларды қалпына келтіру; – мүгедектердің қоғамға интеграциялануына ықпал ету, олардың мүмкіндіктерінің көкжиегін кеңейту.

23 адам қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1016966?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді