ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырар ауданында аудан әкімінің орынбасары А.Құлмахановтың төрағалығымен cыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін талдау бойынша жиын өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 21 сәуір – 04 маусым аралығында мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жұмыстары жүргізілді.

Кездесуде баяндама жасаған аудан әкімі аппаратының бас инспекторы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының хатшысы Б.Аманбаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айта келе атқарылған жұмыстарға тоқталды.

Жиын қорытындысымен көтерілген мәселелер жан-жақты талқыланып, бірқатар тапсырмалар жүктелді. Атап айтар болсақ, мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық заңды шаралар пайдалана отырып, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1017428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді