
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезекті жиырма алтыншы сессиясы 2025 жылдың 20 маусым күні сағат 11:00-де Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабарлаймыз.
Сессия қарауына енгізілген мәселелер:
- 2024 жылға арналған Келес аудандық бюджетінің орындалуы туралы;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы мақұлдаған Келес ауданы бойынша 2024 жылғы Келес ауданының бюджетінің атқарылуы туралы;
- «Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ «Келес аудандық мансап орталығы» филиалының бір жылда атқарған жұмыстары туралы;
- Ұшқын ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Жүзімдік ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Қошқарата ауылдық округі әкімінің, оған жүктелген қызметтер мен міндеттердің орындалуы туралы;
- Келес ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ауданның кірістер бөлігі бойынша атқарған жұмыстары туралы;
- Келес ауданының «Құрметті азаматы атағын беру туралы».
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Аудандық мәслихат
төрағасы Н.Шаулиев
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/1017367?lang=kk
Жауап қалдыру