КЕНТАУЛЫҚТАР РӘМІЗДЕР КҮНІН ЕРЕКШЕ ЫҚЫЛАСПЕН АТАП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
4 маусым — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Кентау қаласында түрлі патриоттық іс-шаралар ұйымдастырылды.
 
Қаладағы Көктөбе демалыс аймағында мерекелік шара өтіп, қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова қала тұрғындарын айтулы күнмен құттықтады.
 
Қала тұрғындары мен жастар мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранға деген құрметтерін білдіріп, елжандылықты ұлықтайтын мерекеге белсене қатысты.
 
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін елдік пен бірліктің, тәуелсіздік пен тұтастықтың белгісі. Мемлекеттік рәміздерімізге деген құрмет — Отанға деген махаббаттың көрінісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1017106?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді