«МАМА ЗНАЕТ» ЖАЛҒАН ЖӨРГЕКТЕРІНІҢ ТАРАЛУ ФАКТІСІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 сәуірде «Мама знает» компаниясының өтініші негізінде Абай облысының Әділет департаменті «А» дара кәсіпкерлік субъектісіне қатысты «Мама знает» өнімінің тіркелген тауар белгілерін заңсыз пайдалану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 3 519 000 теңгеге бағаланған 782 қаптама контрафактілік өнім анықталды. Тәркіленген өнімнің сапасы күмән тудырды, ал оның шығу тегі ресми құжаттармен расталмаған, бұл құқық иесінің айрықша құқықтарының бұзылғанын білдіреді.

2025 жылғы 26 мамырда сот әкімшілік жауапкершілікке тарту және  құқық бұзушыға 30 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 117 960 (жүз он жеті мың тоғыз жүз алпыс) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Контрафактілік жөргектерді қолдану баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне үлкен қаупі бар. Атап айтқанда, қышу, бөртпе және т.б. сияқты аллергиялық реакция тудыруы мүмкін.

          Абай облысының Әділет департаменті зияткерлік меншік құқығын қорғау және контрафактілік өнімдердің айналымын болдырмау департаменттің жұмысында маңызды басымдықтар екенін атап өтті.

          Әділет органдары кәсіпкерлерді зияткерлік меншік саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға және өзге тұлғалардың тауар белгілерін заңсыз пайдаланбауға шақырады.

          Зияткерлік меншік құқықтарын тиімді қорғау тетіктерінің дамуы адал бәсекелестік ортасын қалыптастыруға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1017201?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді