
Медицина қызметкерлері күнінің кәсіби мерекесі қарсаңында Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы Нияз Макраев қаланың медицина саласының өкілдерін құттықтады.
«Екібастұз медициналық колледжі» КМҚК сапары аясында ол білікті кадрларды даярлауға қосқан үлесі үшін педагогикалық ұжымға алғысын білдіріп, олардың денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлінің маңыздылығын атап өтті. Адал еңбегі мен кәсібилігі үшін Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен колледждің информатика және математика пәнінің оқытушысы Майкуль Шапиховна Опбаева марапатталды.
Сондай – ақ, Екібастұз қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен «Екібастұз қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Алимжан Баянович Оспанов – жанқиярлығы, жоғары кәсібилігі және пациенттердің денсаулығы мен өмірін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды.
Құттықтаулар барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі, жоғары жауапкершілігі мен адамгершілігі үшін терең құрмет пен ризашылықтың көрінісі болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1017216?lang=kk
Жауап қалдыру