
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында аудан орталықтарынан келген мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында дәріс оқылды.
Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, этикалық қағидаларды сақтау және кәсіби жауапкершілікті арттыру бойынша білімдері мен дағдыларын дамыту.
Аталған шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы А.Болат мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әдеп нормаларымен, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктері мен құқықтық жауапкершілік мәселелері бойынша кеңінен ақпарат берді.
Семинар соңында қатысушылар тақырып аясында өзара пікір алмасып, бейнероликтер арқылы сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ұстанымын нығайту жолдарын талқылады. Сонымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.
#ЗАҢменТӘРТІП
#ЗАКОНиПОРЯДОК
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Теңқұқылы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-kyzylorda/press/news/details/1017365?lang=kk
Жауап қалдыру