
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесіне орай, Ту-тұғыр кешенінде «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» атты салтанатты шара өтті.
Мемлекеттік гимн ойнағаннан кейін, аудан әкімі Әділжан Арғынұлы жиналған қауымды мәртебелі мерекемен құттықтап, мерекелік марапаттарды тапсырды.
Мерекенің құрметіне Мәди Бәпиұлы атындағы № 44 жалпы білім беретін мектептің оқушысы Еділхан Ақерке Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқыды.
Әсем ән, әлемі би тарту етіліп, тәуелсіз еліміз ән мен жырға қосылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-karkaraly/press/news/details/1012256?lang=kk

Жауап қалдыру