
Павлодар қаласындағы Мүткенов көшесінде “Қарасора” ЖАІШ жүргізу барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы ер адамды ұстады. Жеке тексеру кезінде оның үстінен екі полиэтилен орамға оралған тыйым салынған заттар табылды.
– Күдіктінің тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде қосымша 6 орама мен бір пакет, сондай-ақ «зип» пакеттер, электронды таразы және орауға арналған құрылғы тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттардың салмағы 8 грамнан асады және олар синтетикалық есірткі заттар болып табылады. Ұсталған азамат интернет-дүкенде есірткі тасымалдаушы (курьер) ретінде жұмыс істегенін мойындады. Ол есірткі заттарын «жерасты жасыру» (тайник-жасырын орын) тәсілімен таратуды жоспарлаған,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департамент,- деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК бойынша есірткі құралдарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, қылмысқа қатысы бар басқа тұлғалар анықталуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1017195?lang=kk
Жауап қалдыру