
Тараз қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінде №61 орта мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні өтті. Іс-шараға өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жұмысына қызығушылық танытқан 25 оқушы қатысты. Бөлімше қызметкерлері Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының мамандарымен бірлесіп, балаларға қызықты әрі танымдық экскурсия ұйымдастырды. Оқушыларға өрт сөндірушілердің күнделікті қызметі жайлы әңгімеленіп, өрт сөндіру және құтқару жұмыстарында қолданылатын арнайы техникалар көрсетілді. Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі ережелері еске салынды.
Экскурсия барысында тұрмыстағы төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт шыққанда дұрыс әрекет ету, жаз мезгілінде су айдындарында өзін қалай ұстау керектігі секілді маңызды тақырыптарға ерекше назар аударылды.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1017299?lang=kk
Жауап қалдыру