
Ұлытау облысында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мүшелері, қоғам белсенділері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында сөз сөйлеген Департамент басшысының бірінші орынбасары Жаслан Хамитов ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы жұмыс нәтижелерін қорытындылады. Сонымен қатар, ол азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылдың маңыздылығын және мемлекеттік органдардың ашықтық пен есептілік принциптерін нығайтудағы Қоғамдық кеңестердің рөлін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері бойынша ұсыныстарын ортаға салды.
Сондай-ақ, алдағы жұмыс аясында әлеуметтік нысандарға мониторинг жүргізу жоспарланды, ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын болады.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-ulytau/press/news/details/1017306?lang=kk
Жауап қалдыру