Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — денсаулық сақтау саласындағы жанқиярлық еңбектеріңізге, жоғары кәсібиліктеріңізге және адам өмірі мен саулығына деген шынайы жанашырлықтарыңызға алғыс білдіретін ерекше сәт.

Сіздер күн сайын табандылықпен, мейірімділікпен және өз істеріңізге деген адалдықпен қызмет етесіздер. Медицина саласы терең біліммен қатар, үлкен жүректі, төзімділікті және жан жылуын талап етеді. Екібастұз қаласының тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіп, ең қиын сәттерде қолдау білдіріп келесіздер.

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғыс білдіремін. Сіздердің еңбектеріңіз — бүгінгі медицина қызметкерлері үшін үлкен үлгі.

Сіздерге зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық пен еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еңбектеріңіз әрдайым ел алғысына бөлене берсін!

 

Нияз Макраев, Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/press/news/details/1017220?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді